Қоғам

"Суицид жасады": БҚО-да аудан прокуроры көз жұмды

БҚО-да прокурор өз-өзіне қол жұмсаған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында прокурордың мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 8 мамыр күні түнде Теректі ауылындағы Сұңқар көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған.

Бұл ақпаратты БҚО прокуратурасы растады. Әділет подполковнигі Ғалымбек Мұхитов 1983 жылы туған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«2025 жылғы 8 мамырда үйінің ауласында аудан прокуратурасының қызметкері суицид жасады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Прокуратураның мәлімдеуінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді БҚО полиция департаменті жүргізіп жатыр», — деп мәлімдеді.