Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ресейге барды
Мемлекет басшысы парадқа қатысу үшін арнайы Ресейге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшысымен кездесу өткізеді.
Мәскеуге Жеңіс парадына ТМД елдерінің басшылары, сондай-ақ Венесуэла президенті Николас Мадуро, Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва, Сербия президенті Александр Вучич, сондай-ақ Словакия үкіметінің басшысы Роберт Фико мен Босния және Герцеговина Српка Республикасының президенті Милорад Додик келеді, деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Мәскеудегі Жеңіс шеруіне барлығы 19 елдің көшбасшылары келеді деп күтілуде.