"Қызыңды туған ағасына, атасына барынша жолатпау керек": психолог аналарға үндеу жасады
Дәрігер-кардиолог әйелдерге ескерту жасады
Психолог, дәрігер-кардиолог Меруерт Серікқызы кішкентай қызды туған ағасының жанында жалғыз қалдыруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қыздардың басым көпшілігі туған ағасынан зорлық көріп жатады.
«Қызыңды ешқашан бөтен ер адаммен бірге қалдырма. Кішкентай кезінде зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, көзін байлап қойып немесе байламай-ақ зорлық көрген көп қыздар келеді. Кейде 70-80% қызда сондай мәселе бар сияқты. Менің түсінгенім, ешқашан қыз баланы кішкентай кезінен бастап, бөтен ер адамнан бөлек, өзінің туған ағасы, нағашы ағасы, әкесінің інісі, туған атасы деген адамдарға да барынша жолатпау керек. Сондай-ақ, қыздарды бөлек жатқызу керек. Тіпті туған ағаларынан да. Себебі, туған ағалары сол қыздың ең әлсіз жерін, немен алдауға, қалай қорқытуға болатынын білетін ең жақын адамдары. Сол үшін туған аға-інілерінен де бөлек жатқызуға тырысу керек», – дейді ол.
Желі қолданушылары да туғанынан зорлық көретін қыздардың көп екенін қуаттады.