Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі парадта қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті

Қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.

Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды.

Бұдан соң Мемлекеттер басшылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға беттеді.