Құрбан айт 2025: қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды
Құрбан айттың қашан басталатыны белгілі болды
Биыл барша мұсылмандар мерекесі Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) 2025 жылғы діни күнтізбесі бойынша Қүрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымға дейін жалғасады.
Құрбан айттың бірінші күні - демалыс. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.
Құрбандық шалу міндеті
Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін жағдайы келген әрбір мұсылманға үш күн ішінде құрбандық шалу – міндетті. Бұл күні Аллаға шүкірлік айтылып, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалынады.