Қоғам

«+44 градус ыстық»: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

13, 14 және 15 мамыр күндері қазақстанда аптап ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктері елімізде 13, 14 және 15 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, Иран аймақтарынан жылы ауа массасы келуі себебінен еліміздің оңтүстік және орталығында аптап ыстық күтіледі. Күндікз ауа температурасы оңтүстік облыстарда 35-44 градус, орталық аудандарда 35-38 градус, тіпті Ақмола облысында 30-35 градус ыстықты көрсетеді.

«Алайда, жаз мезгілі барлық өңірлерде сезілмейжі: батыс және қиыр солтүстік өңірлерге циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Кейбір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін”, - деді синоптиктер.