“Өлтірді деп бір адам айыпталуда…”: адвокат Шераз Полат ісіне қатысты пікір білдірді
Белгілі адвокат Шерзат Полатты өлтірді деп бір адам ғана айыпталып отырғанын айтты
Белгілі заңгер Джохар Өтебеков Талғарда аяусыз өлтірілген Шерзат Полат ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Сөзінше, Шерзатты өлтірді деп бір ғана адам айыпталып жатыр.
«Шерзатты өлтірген жерде 15 адам болды. 13 адам тергеуге алынды. Он бірі қамауға алынды. Тоғызы сотқа жіберілді. Шерзатты өлтірді деп бір адам айыпталуда… Біреу ғана! Қалған сотталушылар тек «көршілерінің ұйықтауына кедергі келтірді»! Олар бұзақылық үшін сотталады! Содан кейін біз Шерзатты топтық өлтіру болмаса, видеода не көрдік? Неліктен полиция мен прокурорлар «хуторлықтарды» кінәсіз деп санайды?!»,- деп жазады Өтебеков желіде.
Сондай-ақ, “бұзақылық” бойынша айыпталғандар шартты түрде бір жылдан кейін босатылатынын айтады.
«Талғарлық «бұзақылар» бір жылдан кейін шартты түрде бостандыққа шыға алады, ал олар тағы да «адамның ұйқысын бұзады» ма?» — дейді адвокат.