“Сендердің орыс келіндерің не әкелді?”: Мұхтар Түменбай Мая Бекбаева қазақ әйелдерін кемсітті деп айыптады
Журналистер арасында дау туды
Белгілі журналист Мұхтар Түменбай мен Майя Бекбаева дауласып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мұхтар Түменбай желідегі парақшасында бөлісті. Бұған Майя Бекбаеваның бейнежазбалары себеп болған. Түменбайдың жазуынша, ол қазақ әйелдерін кемсітіп пікір білдірген. Алашордашылар туралы бейнероликте олардың "орыс әйелдерін алғаны" талқыланған.
“Бірнеше видео түсіріп, қазақ тарихы туралы айтып, енді қазақтардың аралас некелері туралы пікір білдіруге құқығың бар деп ойлайсың ба? Сен алашордашылар өздеріне тең әйелдерді іздеді дейсің. Қазақ әйелдері бәсекеге қабілетсіз болды, бұл талаптарға сай келмеді дейсің.
Еділ-Атилла, Керей, Жәнібек, Абылай, Кенесарыдай ерлерді дүниеге әкеліп, тәрбиелеген кім? Иә, олар Шыңғыс ұрпағы дейсің. Жарайды. Ал Бөгенбай, Қабанбай, Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді, Махамбет пен Исатай, Сырым мен Кейкідей батырларды кім тәрбиеледі? Құрманғазы, Дина, Дәулеткерейдің құлағына күйдің әуенін кім сіңірді? Ал сендердің орыс келіндерің не әкелді?
Айтайын: олар өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін білмейтін ұрпақты қалыптастырды. Тегі мен тарихы жоқ халық. Жады мен тамыры жоқ мәңгүрттер, – деп жазды Түменбай Facebook-те.