Саясат

“15 мың теңгеге шие алып жемеймін”: шенеунік елімізде жеміс-жидектің қымбат сатылуына қатысты пікір білдірді

Азат Сұлтановтың маусымаралық кезеңдегі жеміс-жидектердің қымбат сатлуына қатысты пікір білдірді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановқа журналистер маусымаралық кезеңдегі жеміс-жидектің қымбат сатылуына байланысты сұрақ қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, өзі жемісті қымбат бағада алмайтын көрінеді.

«Мәселен, өзім шиенің бағасы 15 мың теңге тұратын уақытта сатып алмаймын, өз маусымында бағасы 1000–1500 теңгеге түскенде ғана аламын», - деді ол.

Ол маусымдық және маусымаралық кезеңдегі баға айырмашылығын ескеру керектігін айтты.

«Кейбір адам сатып алады, кейбірі алмайды. Сондықтан мемлекеттің жұмыс істейтін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері мен премиум санаттағы өнімдерді ажырата білу керек», - деді вице-министр.