Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек қызметінен кетті
Асхат Оразбектің өкілеттік мерзімі аяқталды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қызметінен кетті, KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Асхат Оразбек 2019 жылдың сәуір айында вице-министр қызметіне тағайындалған болатын.
Айта кетсек, қаңтар айында Үкіметтегі брифинг барысында Асхат Оразбек Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қызмет сапасын жақсартпаса, нарықта жаңа — төртінші оператор пайда болатынын ескерткен болатын.