Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таразда депутатты аяусыз соққыға жыққан видео желіде тарады (ВИДЕО)

Таразда депутатты аяусыз соққыға жыққан видео желіде тарады (ВИДЕО)
Сурет: ukr.net/ru
Төбелестің шығуына телефон қуаттағышы себеп болған

Таразда адвокат, Алматы облысы мәслихатының депутаты соққыға жығылды. Бұл туралы видер желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбадан екі ер адамның сөзге келіспей қалғанын аңғаруға болады. Адвокат ерлі-зайыптылар отырған орындыққа жақын жерде телефонын қуаттап алмақшы болған. Бірақ бұл әрекеті оларға ұнамаған.

«Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.

Ал соққыға жығылған депутатқа ауруханада ота жасалған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар