Қоғам

Тоқаевтың туған күніне байланысты Ақорда мәлімдеме жасады

Биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады

17 мамыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Осыған қатысты Ақорданың баспасөз қызметі маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Биыл Тоқаев 72 жасқа толады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай қандай да бір салтанатты іс-шаралар өткізу жоспарланбаған. Президент бұл күнді атап өтпейді", – деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.