«Қыздың бәрін ғашық қылған»: тойда сөз сөйлеген Тамара Асар Мұхамеджан Тазабек туралы айтты
Тамара Асар Мұхамеджан Тазабектің жастық шағынан сыр шертті
Белгілі әнші Тамара Асар қызын ұзатып жатқан Мұхамеджан Тазабектің жастық шағынан естелік айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Мұхамеджан Тазабековке қыздың бәрі ғашық болған.
"Мұхаңның беделін бөлек айтайын. 1993 жылдары, біз оқуға түскен кезде Мұхамеджан Тазабеков бүкіл мен қазақпын деген қыздың бәрін ғашық қылған. Әрбір жатақхананың есігі ашулы, дастарханы жаюлы болатын. Осы Мұхаң есіктен бір сығалар ма екен, бір төрт жол өлеңімді арнар ма екем деп армандаған Мұхаңның төрінде мен ән айтайын деп тұрмын. Мұха, ұшырғалы отырған балапаныңыздың бағы болсын", – деді Тамара Асар.
Желі қолданушылары да айтыскер ақынға тілек айтып, ұзатылып жатқан қызына бақыт тіледі.
«Ееее, несін жасырайық,ғашық болдық қой. Алматының орысшалау қыз болсамда айтыс көретінмін.Содан айтысқа қызығушылығым оянды. Қазір үзбей көремін», «Қандай керемет естелік, керемет қолпаштау, ізгі тілек! Қызыңыңыздың бағы жансын! Бала келін болып барып, Ана келін болсын, ақылы толыса келе,Дана келін болсын! Жиендеріңіз көп болсын!», «Бақытты болсын қызыңыз! Жұғысты болсын баршаңызға» деп жазды олар.