"35-37 градусқа дейін жетеді": Алматыда ыстыққа байланысты ескерту жарияланды
ТЖД өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырады
Алматы қалалық ТЖД өкілдері 17 мамырда күн қатты ыситынына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық ТЖ бапасөз қызметінің хабарлауынша, сенбі, 17 мамырда күн қатты ыстық болады деп күтіледі.
"Алматы қаласының ТЖ департаменті Қазгидромет мамандарының 16 мамырдағы № 15 дауылды ескертуінің негізінде 17 мамырда ауа ртемпературасы 35-37 градусқа дейін жететіні туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар тауға демалуға барғанда ашық от жақпауды, тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұрайды. Сондай-ақ бір желіге бірнеше электр құрылғыларды қосуға болмайтынын, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Одан бөлек балаларды автокөліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмау сұралады.
ТЖД өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырады.