Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлеу тәртібі өзгереді
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тан төлемдер тәртібіне қатысты бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады
Елімізде кейбір азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізілмек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы №27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Жобада ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, оның ішінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тан төлемдер тәртібіне қатысты бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады.
«Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларының құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді», - делінген агенттіктің ресми хабарламасында.