Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жол қиылысында тоғыз жасар оқушымен соқтығысып қалған: СҚО-да соғыс ардагері көз жұмды

Жол қиылысында тоғыз жасар оқушымен соқтығысып қалған: СҚО-да соғыс ардагері көз жұмды
Сурет: ашық дереккөздерден
9 жасар оқушымен соқтығысып құлап қалған ардагердің жамбасы сынған

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Васильевич Макиенко 100 жасына қараған шағында көпсалалы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, жол қиылысында соғыс ардагері жүгіріп өтпек болған тоғыз жастағы мектеп оқушысымен соқтығысып қалған. Соққыдан құлап, оның жамбас сүйегі сынған. Қайғылы жағдай 20 сәуірде болған. 

Дәрігерлер 30 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізген. Бірақ ардагердің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Василий Макиенко 1926 жылы 24 қаңтарда Волошинка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы 17 жасында әскерге шақырылып, 44-ші және 142-ші атқыштар полкінде, кейін 317-ші гвардиялық атқыштар полкінде қызмет етті. Соғыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Кёнигсбергті алғаны үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.

Соғыстан кейін Василий Васильевич су құбыры шаруашылығында еңбек етіп, кейін 13 жыл бойы техникалық жабдықтау басқармасында басшының орынбасары қызметін атқарды. Ол төрт қыз, сегіз немере және алты шөбере тәрбиелеп өсірген.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар