Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Азия чемпионатында спортшымыз алтын медальға ие болды
Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық гимнаст таспамен жаттығудың финалында жеңіске жетті.
Ал Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста да үшінші нәтиже көрсеткен болатын.