«Қызды болдым!»: Бүркіт көпшіліктен сүйінші сұрады
Бүркіт пен Аишаны көпшілік құттықтады
Әнші Бүркіт пен Аиша төртінші рет ата-ана атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram парақшасында әнші қазақстандықтардан сүйінші сұрады. Видеода перзентхана кереуетінде жатқан Аишаны және қолындағы сәбиі көрінеді.
"Ал, қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым! Біздің қызымыз өмірге келді. Аллаға мың алғыс. Аиша аман! Аллаға шүкір", - деп жазды әнші видео сипаттамасында.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты құттықтап, ақ тілектерін жазды.