Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев ӘЧ-2018 чемпиондарын французша құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев ӘЧ-2018 чемпиондарын французша құттықтады
ашық дереккөз
Сенат төрағасы: Ресей - спорттық инфроқұрылымы дамыған қонақжай ел.
«Францияны ұлы жеңісімен құттықтаймын!», - деп жазды Қ. Тоқаев Twitter желісіне француз тілінде. Сонымен бірге, Сенат басшысы Әлем чемпионаты туралы пікір білдірді. «Ресейде футболдан өткен Әлем чемпионаты ұйымдастыру жағынан ең үздік болып тарихта қалды. Ресей Федерациясы әлемге футбол державасы, спорттық инфрақұрылымы дамыған қонақжай ел ретінде танымал. Ресейлік басшылықты, ұйымдастыру комитетін және ФИФА-ны құттықтаймын», - деп өз сөзін толықтырды Қ. Тоқаев. Еске сала кетсек, Франция құрамасы Әлем чемпионатының ақтық сынында хорватиялықтарды 4:2 есебімен жеңіп, футбол тарихында екінші рет жеңіске жеткен еді.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар