Мәдениет

«Мақпал Жүнісованың бетін ашқаным рас»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты

Айтыскер ақын Заманбек Нұрқаділовті есіне алды

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовті туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында әңгімеледі.

«Мақпал Жүнісованың бетін ашқаным рас. Ол кезде жас келін оқтау ұстап, иіліп тұрған жоқ. Біз тек ырымын жасадық. Марқұм Заманбек ағамыз өте көп көмектесті. Қарасай батырдың 300 жылдық мерейтойында маған «Волга» мінгізді. Елге деген құрметі мен өнерге деген жанашырлығын көрдік. Үйінде талай рет қонақ болдық», – деді медиа менеджер. 

Сондай-ақ, ол Заманбек Нұрқаліовтің өліміне қатысты айтты. 

«Кейде шын шырылдағаныңның өзі қазаққа керек пе деп ойлаймын. Алтынбек пен Заманбек ағаларымыздың қайтыс болғанынан гөрі, тірі жүргені пайдалы емес пе?! Жалпы, біздің қоғам сені өлімге қиып жіберетінін сезіну керек. Кейде азаматтарға «Байқаңдаршы» деп сақтандырып отырамын. Мен Заманбек ағамыздың өлімін тап басып ештеңе айта алмаймын. Неше түрлі оқиғалар болады. «Мына адам атты» деп тап басып, айта алмаймыз. Шындықтың бәрі ақыретте ашылады», – деді Тазабек.