Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Зейнетке шыққанша төленеді”: арнаулы әлеуметтік төлемді кім ала алады?

“Зейнетке шыққанша төленеді”: арнаулы әлеуметтік төлемді кім ала алады?
Сурет: sknews.kz
Елімізде арнаулы әйлеуметтік төлемді қалай алудың жолдары айтылды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ауыр және зиянды еңбек жағдайларында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем төлене бастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл төлем олардың денсаулығына келетін қауіптің орнын толтырып, зейнеткерлікке дейінгі кезеңде қолдау көрсету үшін енгізілді.

Төлемді алу үшін қандай шарттар бар?

Арнайы төлемді алу үшін екі негізгі талап бар:

Азамат кем дегенде 55 жасқа толуы керек;

БЖЗҚ-да (зейнетақы қорында) кемінде 7 жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары болуы қажет.

Төлем қайдан және қалай төленеді?

Бұл әлеуметтік төлем төрт түрлі көзден құралады:

Мемлекет тарапынан – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде (мемлекеттік жәрдемақы);

Сақтандыру компаниясынан – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

Жұмыс берушіден – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

Зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) – міндетті кәсіптік жарналар есебінен.

Қашан және қанша уақыт төленеді?

Бұл төлем зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төленеді.

Маңызды: Төлемді алу үшін адам зиянды жұмысынан кетуі керек. Егер ол жеңіл жұмысқа ауысса, онда жалақымен қатар бұл төлемді де алады. Ал жұмыс істемейтін адам үшін төлем демалыста жүріп, зейнетке шыққанша төлене береді.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар