Санын жалтыратып суретке түскен Салтанат Бақаева жұрттан сөз естіді
Әнші бұл суретті жариялауға күйеуінің өзі рұқсат бергенін айтып ақталды.
Бірнеше күн бұрын Салтанат Бақаева жолдасы және кенжесімен бірге Мысыр еліне демалуға барған-ды. Әнші аталған елге ұлдары Әмір мен Әділді әкелмегені үшін өкінетінін айтты. «Сіздердің пікірлеріңізді оқып, өзімді бір ұрысып алдым. Шын мәнінде, Әмір мен Әділді әкелу керек пе еді... Бір жағынан өкініп, бір жағынан әлі де Алла қаласа келеміз деп те ойлаймын», - дейді ол. Ауа температурасы 40 градустан жоғары елде қысқа шорты киіп суретке түскен әнші желі қолданушыларынан тағы да ұрыс естіді. «Бұтыңызды ашып не отырыс. Ұят-ай», «Жолдасыңыз алжыпты», «Жолдасыңызда намыс жоқ екен. Не отырыс мынау», «Қап-қара қыз болыпсыз ғой», «Бірінші фотоны көргенде танымай қалдым. Салтанат па әлде басқа біреу ме деп. Суретіңізді алып тастаңызшы. Елдің назарына түспей. Ал былай өте әдемісіз», «Кисе болады, бірақ салмағаны жақсы еді», «Енді сен бастадың ба жамбасыңды көрсетуді? Осы түсінбеймін, кімге көріне алмай жүрсіңдер? Байың бар емес пе? Дініміздегі күйеуі бар әйелдердің құқығы туралы тауып оқыңызшы», «Иә, санды жалтыратып түскен қазаққа тән емес. Сырт көзге жаман көрінеді екен мұндай сурет. Мұндай суретті тек күйеуі көрген абзал. Ата-енеден, әке-шешеден, халықтан ұялу керек» деп жазды желі қолданушылары. Әнші мұндай пікірлердің жазылатынын алдын ала білсе керек. Себебі, суретінің тұсына бірден бұл суретті жариялауға күйеуінің рұқсат бергенін жазып қойған екен. «Жолдасымның таңдаған суреттері. Бүгін экскурсияға кешіктік. Бірақ шумахер таксистің арқасында қызықтан құр қалмадық. Бүгіннен бастап, бүгінгі күн мен үшін ерекше болып қалады. Қалай ойлайсыздар, неге?» - дейді әнші. Әзірге әнші күнінің ерекше өтуіне не әсер етіп жатқанын айтпады. Автор: Kyn.kz