Жамбыл облысында 15 жастағы қызды кіндік әке-шешесі бірігіп зорлаған деген күдікке ілінді
Олар бір жыл бұрын қызды туған әкесі зорлағанын біліп, оқушыға әдейі азғындық жасаған.
Адвокат Азамат Талғатұлы қордайлық қыздың анасының сұрауымен қылмыстық істе қорғаушы. Сөзінше бір жыл бұрын 14 жасар қызды туған әкесі зорлаған. Мұны шешесі білген уақытта айуандыққа барған әке өзіне қол жұмсап өлмекші болған. Бірақ әйел жедел жәрдем шақырып, оны дереу дәрігерлерге тапсырған. Бірақ азғын әке ауруханадан қашып шығып, тамырын кесіп өлген.
Қызды өз әкесі зорлағанын отбасының араласып жүрген достары білген екен. Олар жәбірленушінің кіндік әке-шешесі. Қызды анасынан сұрап алған ерлі-зайыпты осы жылдың наурызында үйлеріне қонуға алып барған. Ерлі-зайыпты сол түні қызға еркінен тыс ішімдік ішкізіп, ер адам оны зорлаған. Артынша зорланған қыздың көзінше әйелі екеуі ойларына келгенді істеген. Қызға "Сені әкең зорлағанын білеміз. Біз жайлы ауыз ашар болсаң бүтін ауылға масқара қыламыз" деп қорқытқан.
Адвокат Азамат Талғатұлы қазіргі күні болған қылмыс бойынша дәлелдер жинап, ерлі-зайыптыны заң аясында жауапқа тарту жұмыстарын қолға алған.