
20 мамырда еліміздің кей өңірінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Сонымен бірге оңтүстік облыстарда өрт қаупі әлі басылмаған, деп KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында сақталады төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтауда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавлда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік-шығыстан же соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырауда түнде найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
20-21 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс), облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады. Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.