"Құрбылары азаптап өлтірді": Анасы Ақнәр Гүлістанның өліміне қатысты жан шошырлық мәлімет айтты
Ақнәрдің анасына тағы бір құрбысы болған жайтты аудио жазбамен баяндаған.
Ақнәр Гүлістанның анасы Хамит Гүлістан қызының қазасына қатысты тың мәліметтер ұсынып, оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Өйткені 7- қабаттан құлаған қыздың денесі оған дейін әбден азапталған дейді әйел.
Қайғылы жағдай болған күні Ақнәр көрші тұратын құрбыларына қытайдан келген киім-кешекті көрсетуге барған. Жанжал сол жерден туындаған сияқты. Ол үйде үш қыз болған. Олардың екеуі марқұмды ұрып-соғып, азаптай бастаған екен. Үшінші қыз Дидар сол сәтте әжетханаға тығылып, Ақнәрдің анасына аудио жазба жіберген. Онда екі қыз оны өлтіргелі жатқанын айтқан екен.
2024 жылы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы КИМЭП студенті Ақнәр Гүлстан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған. Тергеу бұл оқиғаны бастапқыда “суицид” ретінде тіркеген. Алайда марқұмның туыстары Ақнардың өліміне дейін қатыгездікпен азапталғанын және оны терезеден көршілері лақтырып жібергеніне сенімді.
Ақнәрдің анасы Хамит Гүлстанның айтуынша, қызының денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған: тістеген іздер, тырнақ жарақаттары, сынған тырнақтар мен жұлынған шаштар. Ол қызының азапталғанын дәлелдейтін фото және видео материалдар да ұсынған. Марқұмның отбасы істі “адам өлтіру” және “азаптау” баптары бойынша қайта қарауды және барлық кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.