Басты жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсетіні айтылды

Үкімет отырысында еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттерінің шәкіртақысы өсетіні туралы айтылды

Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі. Бұл туралы үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Талғат Ешенқұлов кейінгі 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өскенін және 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінгенін айтты.

Ол жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөз қозғады.

"Биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының мөлшері өседі. Бакалавриатта стипендия мөлшері 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге, ал докторантурада 262 500 теңге болады. Яғни, биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады", - деді вице-министр.