Қоғам

Түркістан облысында оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған оқушы көпбалалы отбасынан шыққан

Түркістан облысының Темірлан ауылында 11-сынып оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпаратт агенттігі.

 Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек Әбілхан тестілеуге жүйелі түрде дайындалған.

Ол 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі мәлім етті.

“Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған. Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі - табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі”, – делінген ведомство хабарламасында.