«Ата-ананың жауапкершілігі»: Бейсембаев жыныстық сауаттылық тәрбие мектепке енгізілмейтінін айтты
Министрдің айтуынша, ата-ананың жауапкершілікті өз мойнына алып, баламен айналысуы керек
Үкіметтегі брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде жыныстық сауаттылыққа арналған сабақтар енгізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистер министрге мектептерде жыныстық тәрбие сабақтары өткізілуі мүмкін бе деген сауал қойды.
«Менің ойымша, ең алдымен, ата-аналардың жауапкершілігін арттырған дұрыс. Бұл әрқашан отбасында тәрбиеленетін. Сондықтан біз арнайы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарын аштық. Онда психологтар ата-аналарға баламен қалай қарым-қатынас жасау керектігін, оны қалай тәрбиелеу қажет екенін барынша түсіндіруі тиіс деп тапсырма бердім. Ең дұрыс, ең нәтижелі әрі тиімді шешім – ата-ананың жауапкершілікті өз мойнына алып, баламен айналысуы. Әрине, мектеп те жауапкершіліктен қашпайды. Бірақ барлық жауапкершілікті тек мектепке артып қою – меніңше, дұрыс емес», – деді Бейсембаев.
Министр жыныстық тәрбиеге қатысты сабақтар мектептерде әзірге енгізілмейтінін айтты.