Қоғам

Ғани Бейсембаев Алматы облысында қонақүйде оқушымен ұсталған мұғалімге қатысты тың дерек айтты

Министр қонақүйге оқушымен барған мұғалімнің мектепте жұмыс істемегенін айтты

20 мамыр күні үкіметтегі брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысында қонақ үйде оқушымен ұсталған мұғалімге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, 14 жастағы оқушыны зорлады деп күдікке ілінген мұғалім ешуақытта мектепте жұмыс істемеген.

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс істеп жатыр. Біз дереу тиісті шара қабылдадық. Мен мынаны ерекше атап өткім келеді: бұл жағдай Алматы қаласында емес, Алматы облысында болғаны анықталды. Және «мұғалім» деп аталған адам мектепте ешқашан жұмыс істемеген. Сондықтан бұған да назар аудару қажет. Алайда бұл оның мойнындағы жауапкершілігін азайтпайды», – деді Ғани Бейсембаев.