Ақтаулық көршілер чатында тұрғынды балағаттағаны үшін 573 840 теңге айыппұл арқалады
Ер адам көрші әйелге бейәдеп сөздер жазған
Ақтау тұрғыны көршісін балағаттағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға WhatsApp желісіндегі чаттан басталған. 2024 жылдың шілдесінен бастап қараша айына дейін көршісінен балағат сөздер естіп келген. Бұған шыдай алмаған әйел сотқа жүгінген.
Сот ер адамды ҚР ҚК-і бойынша 73 840 теңге, моральдық шығын ретінде 50 000 теңге, маман қызметіне 200 000 теңге, экспертизаға 250 000 теңге айыппұл салған.
Сот тіпті мессенджердегі хат алмасу заң тұрғысынан маңызды байланыс түрі екенін және адам өз сөзі үшін жауап беру керектігін еске салды.