Қазақстанның халық әртісі атағын алып, сынға ұшыраған Әлішер Каримов мәлімдеме жасады
Қазақстандықтар арасында біраз адамдар Каримовты бұл марапатқа лайықты емес деген пікірлерін білдірген.
«Құрметті ағайын! Бүгін мен үшін тарихи күн – маған «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді. Осы жоғары марапатты Президентіміздің қолынан алу — мен үшін үлкен мәртебе. Бұл марапат мені қолдаған барша тыңдармандарымның және жанашырларымның арқасы деп білемін. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын»,—деді ол.
Айта кетейік, 20 мамырда президент жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бірақ, Әлішер Каримовтың марапат алғаны біраз адамның сынына қалған еді. Олар Каримов бұл марапатқа лайық емес деген пікірлерін ашық айтып, осы марапатқа лайықты деген кісілердің есімдерін де жазған.