«Маған тағы да бұйыртпапты»: Әміре биыл да марапат алмағанына қынжылды
Әнші Әміре әріптестерін алған марапаттарымен құттықтады
«Әміре» лақап атымен танымал Ернар Садырбаев биыл да марапат алмағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол өзінің барлық конкурстарға барып, төбе көрсетіп жүргенін сөз етіп, сонда да атақтың бұйырмағанына қынжылғандай болды.
«Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты. Еш реніш емес, 30 жасыма дейін «Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алу деген пенделік арманым болған. Кейінге қалады. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын», - деп жазған ол.