Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Алматыда мектеп бітіру кешіне әр түлектен 200 мың теңге жинаған»: министр пікір білдірді

«Алматыда мектеп бітіру кешіне әр түлектен 200 мың теңге жинаған»: министр пікір білдірді
Сурет: gov.kz
Оқу-ағарту министрлігі бітіру кешіне түлектерден ақша жинауға қатысты қатаң ескерту жасады

Алматыда мектеп бітіру кешіне әр түлектен 200 мың теңге жинаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

КТК арнасының мәліметінше, мектеп басшысы да, ата-аналары да қатаң түрде ескерту алды.

Мәселе әлеуметтік желіде басталды. Айлығы шайлығына жетпей жүрген жігіт ағасы баласының мектеп бітіру кешіне бақандай 200 мың теңге жиғанына қарсы болған. 

Оқу-ағарту министрлігі мектепте орынсыз ақша жиғандардың ісі қатаң қадағаланатынын ескертті. 

«200 мың теңге жайында хабардармын. Әкіммен де, Білім басқармасының басшысымен де хабарластым. Олар бұл мәселені қатаң бақылауға алды. Бұл жерде көбіне мектепті кінәлай беруден алыстау қажет. Өйткені көп жағдайда, маған жетіп жатқан ақпарат бойынша, ата-аналардың бастамасымен осындай ақша жиналады», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар