Түркістан облысында ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға пәтер сыйға берілді
Жәнібек Әбілханға пәтерден бөлек бағалы сыйлықтар да берілді
Түркістан облысында ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған оқушы Жәнібек Әбілханға қосымша білім беру орталығының басшылығы пәтер сыйға тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы оқу орталығы желідегі парақшасында жариялады. Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған алғашқы түлек.
Білім беру орталығының өкілдерінің мәліметінше, тұрғын үй Жәнібек оқуға түсетін қаладан беріледі.
Бұл ғана емес ҰБТ-дағы жоғары нәтижесі үшін Жәнібекке iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және басқа бағалы сыйлықтар тарту етілген.
Жәнібек Әбілхан Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты ауылдардың бірінде орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының түлегі. Көп балалы отбасынан шыққан. Ол иформатика пәнін таңдаған.
Айта кетсек, осыған дейін ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинаған оқушы туралы жазған болатынбыз.