Қоғам

Алматыда екі жұмысшыны тоқ соқты

Алматыда тоқ соққан екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді

Алматыда «Жастар» тұрғын үй кешенінде жөндеу жүргізіп жатқан екі электр қызметкерін тоқ соқты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Krispastana Telegram-каналы мәліметіне мәлім етті. Зардап шеккен екі жұмысшы ауруханаға жеткізді.

«Жеке қызмет көрсету компаниясының екі қызметкерінің электр тоғы соғуы фактісі бойынша, Алмалы ауданы полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттігімізге берген түсініктемесінде.