«Сүйіп, құшақтап, күш көрсеткен»: Сарыағашта полиция қызметкері изоляторда бойжеткенді зорлады
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 мамыр, 2025
- 23

Сарыағаштағы уақытша ұстау изоляторының қызметкері тұтқынды зорлағаны үшін 9 жылға сотталды. 21 жастағы Д.Б. сол түні кезекшілікте болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының тумасы жәбірленуші өз ісі бойынша сот отырысына қатысу үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Ол №2 камерада болған. 2024 жылғы 17 қыркүйектегі кезекшілік кестесіне сәйкес уақытша ұстау изоляторында екі қызметкер Д.Б. және С.С жұмыс істеген.
Тергеу барысында анықталғандай, кешкі уақытта Д.Б. жәбірленушіге бейнебақылау камерасы жоқ сақтау бөліміне баруды ұсынған. Оған туысына қоңырау шалуға көмектесетінін айтады. Өзімен бірге жапқышын алып келуді ескерткен.
Қоймаға кірген соң ол қызды сүйіп, құшақтаған. Содан кейін оған күш көрсете бастаған. Қыз қашпақ болғанда оны зорлап тастаған.
Біраз уақыттан кейін тұтындалушының бірі кезекшінің «Есікті аш, әйтпесе бәрімізді құртасың» деген даусы мен әйелдің айғайлаған даусын естігенін айтқан.
Жәбірленуші бірден шағым түсірмеген. Бірнеше апта өткеннен кейін өзінің жүкті екенін білгенде ғана оның зорлағаны есіне түседі. Алайда біраз уақыттан кейін ашуланғаннан шағым түсіргенін және жыныстық қатынас өзара келісіммен болғанын жеткізеді.
Сот жәбірленушінің алғашқы айғақтары, медициналық қорытындылары, бейнебақылау камераларының бейнежазбалары және куәлардың айғақтары сотталушының кінәсін растайтынын анықтады. Д.Б. барлығы келісім бойынша болғанын алға тартты, бірақ сот мұны жауапкершіліктен жалтару әрекеті деп санады.
Д.Б. ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен – қызметтік бабын пайдаланып зорлау бойынша кінәлі деп танылды. Ол 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасына кесілді.
Үкім күшіне енген жоқ.