
Қазақстан президенті жаңа тағайындаулар бойынша бірнеше жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Республиканың Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Ал Рауан Жұмабек Біріккен Араб Әмірліктеріне елшісі болып тағайындалды. Ол Нажмедин Мұхаметәліұлының орнына келді.
Барлыбай Садықов Кения Республикасындағы елші, сонымен қатар Найроби қаласындағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі қызметін атқарған. Бұл қызметке Жалғас Әділбаев тағайындалды.
Сонымен қатар бүгін Тоқаев Василий Лавреновты Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары лауазымына тағайындады. Лавренов бұған дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.