Мәдениет

«Азаптау іс-әрекеттері камераға түскен»: Ақбота-Нұр Алматыда қаза тапқан Ақнәр Хамиттің ісінде әділдік талап етті

Әнші Ақнәр Хамитова үшін әділдік сұрады

Белгілі әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Алматыда қаза тапқан Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты әділдік талап етіп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Ақнәрді азаптай іс-әрекеттері камераға түсіп қалғанын айтып, соттан әділдік сұрады.

“Ақнәрдің ғұмырының қасақана қорланып қиылғанын, Ақнәрді азаптау іс-әрекеттері камераға түскен ап-анық итеріп құлатқан жазбасы, қаншама көзге ұрып тұрған дәлелдердің жеткілікті болып тұрғанын көре тұра, істің неге 10 айға созылып, қылмыстылардың бостандықта жүргенін санамыз қорытпайды. Қандай қоғам мынау? Әділет қайда? Мәпелеп баққан, мәдениетті бір туар балалар осылай бассыз кеткен қатігездердің қолынан өле берсе болашақтан не хайыр?! Құрметті сот орындаушылар, заң тарапы сіздерден әділдік талап етеміз! Бұл 22 жастағы Ақнәрдің ғана емес, бүкіл елдің тағдыры! Ақнәр үшін әділдік!", – деп жазды ол.