Қоғам
“Кішкене қылқындырдым”: Сәтпаевта қызды подьезде зорламақ болған ер адам ісіне өкінді
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 мамыр, 2025
- 209

Ер адам үйге кіріп бара жатқан қызға шабуыл жасаған
Сәтпаевта подъезде қызға шабуыл жасаған күдікті істеген ісіне өкінетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ер адам үйге келе жатып қызды көріп қалған. Сөйтіп артынан жүргенін айтты.
“Сол күні мен ішімдік ішкен болатынмын. Несиені төлеуге ақшам жетпеді. Мен көшеде келе жатып, келе жатқан қызды байқадым да, оның соңынан ердім. Оны кішкене қылқындырдым, сосын баспалдақпен сүйреп түсірдім. Қызды танымаймын. Мен ісіме өкінемін”, – дейді ер адам видеода.
Полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Келесі мақала
Алматы қаласына жаңа әкім келеді
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ақтөбе облысында бапкер құдыққа құлаған қызды құтқармақ болып, өзі қайтыс болды
- авторkyn.kz
- 20 маусым, 2025