Алматы қаласына жаңа әкім келеді
Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді
Алматы қалалық мәслихатының депуаттары 24 мамыр күні қала әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады. Бұл туралы ақпарат қалалық мәслихаттың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақпаратта ертең сағат 12:00-де Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігі хабарланған.
“Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылдың 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды”, – делінген хабарламада.
Президенттің 2022 жылдың 8 маусымдағы жарлығына сай облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерін лауазымға тағайындау үшін облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттары келісім беруі тиіс.
Айта кетсек, Алматы қаласының әкімі лауазымын Ерболат Досаев 2022 жылдың 31 қаңтарынан бері атқарып келеді.