ШҚО-да жер сілкінісі болды
Еліміздің шығыс бөлігінде жер дүмпуі сезілді
Бүгін таңертең Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Астана уақытымен 07:35-те “Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Ресей аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1 162 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі
Өскеменде 2 балл;
Катонқарағайда 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.