“1-6 градус үсік”: алдағы күнге арналған ауа райы болжамы
Елімізде алдағы күндері үсік жүруі мүмкін
Синоптиктер алдағы күнге арналған ауа райы болжамын жасады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі уақытта 1-6 градус үсік күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Көп өңірде жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе мен Түркістан облыстарында өрт қаупі сақталады.
Мамандар тұрғындарды сақ болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.