Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына тағы іздеу жарияланды

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына тағы іздеу жарияланды
Сурет: құжаттағы сурет
Алмабек пен Әбдіғапаров аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген

«Алтын Орда» базарының экс-басшылары Қанат Алмабек пен Данияр Әбдіғапаровқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Екеуі де аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

“Алмабек Қанат үш күннен бері іздеуде. Туған күні: 1984 жылғы 10 сәуір, жынысы — ер адам, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты — қазақ. Іздеу ісі 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген, өңір — "Алматы облысы". Іздеуді бастаған орган — Ішкі істер министрлігі, іздеуді жүргізетін орган — Қарасай ауданының полиция басқармасы, — делінген Алмабекке қатысты іздеу дерекқорында жарияланған картада.

Олар кәсіпкерлерге жаңа павильоннан орын береміз деп ірі көлемде ақша алып, уәдесін орындамаған. Қазір екеуі де елден тыс жерде бой тасалап жүр.

"Әбдіғапаров Данияр Амалбекұлы. Үш күннен бері іздеуде. Туған күні: 1982 жылғы 1 наурыз, жынысы — ер адам, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты — қазақ. Іздеу ісі 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген, өңір — "Алматы облысы". Іздеуді бастаған орган — Ішкі істер министрлігі, іздеуді жүргізетін орган — Қарасай ауданының полиция басқармасы", — делінген жазбада.

Айта кетсек, Алмабек пен Әбдіғапаров аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар