Қоғам
Сәтбаевта көлік кафенің алдында тұрған жасөспірімдерді қағып кетті (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 мамыр, 2025
- 384

Мас көлік жүргізушісі аса жылдамдықпен жасөспірімдерді қақты
Сәтбаевта жүргізуші асқан жылдамдықпен келіп, кафенің алдында тұрған жасөспірімдерді қағып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлытау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 25 мамырда Абай көшесіндегі кафенің жанында болған.
"Полиция қызметкерлері мас болған жүргізушіні дереу ұстады. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті және қазіргі уақытта олардың денсаулығына қауіп жоқ", - деп хабарлады полиция.
Ведомство мәліметінше, іс материалдары сотқа жолданды. Үкім жақын арада шығарылады. Тергеу барысы облыстық ПД басшылығының бақылауында.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Атырауда бассейндердің бірінде бірнеше адам хлордан уланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2025
Қоғам
+ 41 градусқа дейін ыстық: 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2025