Басты жаңалықтар

«Қатты жылады, айқайлады»: марқұм Ақнәр Гүлстанның құрбысы сол түні не болғанын айтып берді

Алматыда терезеден құлап қаза тапқан қыздың құрбысы сұхбат берді

Алматыда терезеден құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның пәтерде бірге болған құрбысы Дидар сұхбат беріп, сол күні не болғанын айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Руслан Өтепбайдың youtube арнасына сұхбат берді.

«Жаман хаттар келіп жатыр. “Сені өлтіремін, үйіңді өртеймін” деген хаттар келіп жатыр. Істің басталғанына 10 ай уақыт болды. Ақнәрмен 4 жылдан бері араласамын. 2021 жылы Ақнәр екеуміз KIMEP университетінің жатақханасында бірге жаттық. Ранамен де сол уақыттан бері араласамын. Биыл 25 жасқа келемін. Рана 21 жаста, Ақнәр 23 жаста. Мен оларға «түзу тұрмыс кешейік» деп ақыл айтатынмын. Сабақтан бөлек, біз күнде тамақтанып, бос уақытымызда бірге шығып кафеге, ресторанға баратынбыз», - деді ол.

Айтуынша, Ақнәр өзі хабарласып, бірге отыруды ұсынған. құр

«Ақнәр өзі маған хабарласып, “Рананың анасы қайтыс болды, бірге қара шайға отырайық” деді. Ресторанға барып қара шай бердік. Келесі күні 19-ы Ақнәр хабарласып, бірге отырайық деді. Ақнәр сол күні алкаголь ішкісі келді. Мен іше алмайтынымды айтып, азғантай пиво қолдана аламын дедім», - дейді Дидар.

Ішімдік ішкеннен кейін қыздар көңіл көтеріп, билеген.

«Үйде жігітім болған. Ол бір сағат бұрын кетіп қалды. Аты Данияр. Ақнәр маған тапсырыс бере берші деді сыраға. Рана іше алмайтынын, етеккірі келгенін айтты. 4 сағат әңгіме айтып, тамақтандық. Залға кіріп, өлең қойып, биледік, үшеуміз де 4 бөтелке сыра іштік. Жағдайымыз қалыпты болды. Ақнәр да 1,2 бөтелке ішті. Экспертизада “Ақнәр алкоголь ішпеді деп тұрса да, ол ішті. Өз көзіммен көрдім. Сағат түнгі 1 ден 45 минут кеткенде теледидарды сындырды. Кейін Ақнәр жылады. “Басымда көп қарыз бар, мен саған ақша төлей алмаймын” деп жылады. Ол 2 миллион қарызы барын айтты. Содан оны мен берейін, бөліп қайтарасың дедім. Оны жұбаттым. Ұйықтап жатқанда 10 минуттан кейін өзін-өзі ұрып жылады. Қатты жылады, айқайлады. Екеумізді Ақнәр ұрды. Шок болдық. Жұбаттық. Бізді қасына жолатқызбады. Бізді шапалақпен ұрды, қорықтық. Біз оны мүлдем ұрмадық. Кейін Ақнәр бастап Рананың анасын балағаттады. Өте көп жаман сөз айтып кетті. Кейін намаз оқыды, қайтадан боқауыз айтты, - дейді Дидар.

Алайда журналист медициналық сараптама қорытындысын оқып, марқұмның қан құрамында алкогольдік ішімдік табылмағанын көрсетті.

«Ақнәр терезеден құлаған сәтте қараңғы болды. Далаға шыққан кезде бірден көзім тырнаққа түсті. Далада жатыр. Тергеушілер өзінің жұмысын дұрыс істемеген. Ол терезеден бетпен құлады. Сол кезде тырнағы сынған болар. Видеоларды мен өз телефоныммен түсірдім. Ақнәрдің әпкесіне жібердім.

Кейін сұхбатта желіде таралған аудиожазбалар жарияланды. Ақнәр Рананы тістеп, шашын жұлып, өлтіруге шақ қалды. Сол кезде Ақнәрдің әпкесіне мекен-жайды жолдап, тез келуін сұрадым. Ол кездегі видеоларды түсіре алмадым. Қорықтым. Оларды ажыратып жаттым. Кейін 02:43-те жедел-жәрдемге хабарластым, сақшы жіберіңіздер дедім», - дейді құрбысы.