Қоғам

“Өзін жайсыз сезінген”: Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақта 42 жастағы әйел көз жұмды

Ақтөбе халықаралық әуежайы көз жұмған жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтады

Ақтөбе халықаралық әуежайында Сочи бағытында ұшқан Boeing-777 ұшағының жолаушысы көз жұмған. Ол әуеде өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұмның 42 жастағы әйел екені белгілі болды.

Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы ресми парақша арқылы қаза болған жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

«Ұшақ жерге қонған кезде шұғыл әрекет ету қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Өкінішке қарай жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. 1983 жылы туған жолаушы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонбай тұрып көз жұмған. Ақтөбе халықаралық әуежайы жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Жердегі қызметпен байланысқа шығып, бірге жұмыс істеген әуе кемесінің экипажына алғысымызды айтамыз”, — деп хабарлады Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы.