Перизат Қайрат ісі қашан сотқа жіберілетіні белгілі болды
Прокуратура істі сотқа жолдау туралы шешімді 10 күн ішінде шығарады
Мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың ісіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.
"Қатысушылар қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. Нақты кесте бар, танысу 9 маусымда аяқталуы керек. Әрі қарай өтінішхат жолдауға 3 күн беріледі, содан кейін 10 күн ішінде прокуратура істі сотқа жолдау туралы шешім шығарады. Екі адам – қызы мен анасы күдікті саналады", - деп нақтылады спикер.