Басты жаңалықтар

Дастан Оразбеков: Маған бір әйел де жетеді

Әнші атасының төрт әйелі болғанын айтты.

Әлі күнге дейін Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали өздерінің некелескендері туралы ашып айтпады. Десе де, Дастан Оразбеков досының екі отбасыны қатар асырап жатқанын айтып оны ақтап алуға тырысты. Алдымен әнші қыл өтпес достықтарының қай кезде басталғанын еске алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Сөккен әңгіме бағдарламасына сілтеме жасап. «Айқын екеуіміздің достығымыз, шынымен де, «Екі жұлдыз» жобасынан басталған. Оның үстіне екеуіміз тете құрдаспыз. Арамыз бес-ақ күн. Екеуіміз де 1982 жылы дүниеге келгенбіз. Мен 5 ақпанда, ол 10 ақпанда. Алматы қаласында болсақ, туған күндерімізді міндетті түрде қатар тойлаймыз. Содан болса керек, бір-бірімізді өте тез түсінеміз. Басымызға қайғы түссе де, қуанышты күндер де бір-біріміздің қасымыздан табыламыз. Жоқ, мен сөккен жоқпын. Өтірік айтпай-ақ қояйын. Әлдеқайда қателік жасап жатқан азаматтар көп. Ол да сондай жандардың бірі. Ел алдында жүрген соң ғана осындай сөгістің астында қалды. Бірақ, бір жақсы қасиеті – ол алғашқы жанұясын тастап кеткен жоқ. Ол олардан кетіп қалған жоқ. Солармен бірге. Әлі күнге дейін көмектеседі. Бас тартпайды. Баласына барады, қызына барады. Екі жаққа да үлгеруге тырысып жатыр. Ол шектен шығып кеткен жоқ. Жаман ешнәрсе жасаған жоқ. Біздің ата-бабаларымыз да 3-4 әйел алған. Менің атамның төрт әйелі болған», - дейді ол. Досына дәл осылай қолдау білдіргеніне қарамастан, әнші өзінің көп әйел алуға қарсы екенін жеткізді. «Әкемнің бәйбішенің немесе тоқалдың баласы екеніне қатысты ойланып көрмеппін. Бірақ естуім солай... Мен екінші әйел алуға қарсымын. Тікелей қарсымын. Әр ер азамат әртүрлі пікір білдіруі мүмкін. Маған бір әйелдің өзі жеткілікті», - дейді Дастан Оразбеков. Автор: Kyn.kz