Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында жеңіске жетті
ашық дереккөз
Қазақстан құрамасы Ақтау қаласында джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында 14 алтын, 24 күміс және 23 қола медаль иеленді.
24.kz сайтына сілтеме жасап KYN.KZ жазады. Тұғырдың бірінші сатысына қазақстандық спортшылар көтерілсе, екінші орынға Таиланд құрамасы орналасты. Үздіктердің үштігін Түрікменстан түйіндеді. Жалпы, 20 елден 500 спортшы қатысты. Отандық джиу-джитсудың тарихында алғаш рет Азия чемпионаты ерлер мен әйелдер арасында төрт бағытта өтті. Қазіргі таңда спорттың аталмыш түрі Дүниежүзілік бағдарламалардың қатарына енген. Сондай-ақ, бір айдан кейін Джакартада өтетін жазғы Азия ойындарына да кірді. Оларға Азия чемпионатының жеңімпаздары қатысады. «Алдағы Азия чемпионатының ойындарына Таиландтың Пхукет қаласында жүріп дайындалдым. Біздің спортшылар Маңғыстау облысының тарихында алғаш рет Азия ойындарына барғалы отыр. Қазақстанның туын көкке көтеріп, алтын медаль иеленеміз деп кәміл сенеміз», - деді джиу-джитсудан Азия чемпионатының жеңімпазы Дархан Нұртаев.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар