Қоғам

Тұрсын Алагөзовтің қызметкерлеріне сыйлаған пәтерлердің видеосы тарады (ВИДЕО)

Белгілі кәсіпкердің қызметкерлеріне сыйлаған 100 пәтердің қайда орналасқаны көрсетілді.

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің қызметкерлеріне сылаған 100 пәтерінің сапасы және қайда орналасқаны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысы өз парақшасында видеосымен бөлісті. Ол жерде кәсіпкердің берген пәтері Алматы – Арена жақтағы жаңа үйлерден берілгені айтылған.

Бұл үйлер заманауи үлгіде салынған, люкс комфортты, керемет үлгідегі үйлер.

«Үйлердің бір бөлмелі пәтерінің шаршы аумағы 52 кв.метрден басталады. Бұл үйлердің бір бөлмелі пәтері ескі үйлердің 2-3 бөлмелі пәтеріне тең. Жақсы перспективті ауданда орналасқан. Алагөзов бюджетті емес, ең бірінші аадмдардың жағдайын ойлаған. Есептеп қарасақ, барлық пәтер 3 млрд теңгеге тең болады екен», - дейді желі қолданушысы.

Сыйлыққа пәтер алған кісілердің бірі әлеуметтік желіде “Алагөзов пәтерді бірден атымызға заңды түрде жаздырып берді. Ешқандай да ипотека емес” деп жазған.